Алматыда «Жұлдыздар отбасы» журналының редакторына қатысты сот отырысы басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жұлдыздар отбасы» журналының редакторына қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

«№ 2 Алмалы аудандық сотының судьясы Әсет Боранбаев Ұлы отан соғыс ардагерлері Д. Керимкулов, К. Алдияров, А. Назаров, М. Целуева, П. Дранишников, П. Протасенко, Н. Жогов, И. Щербинин, В.Кащеева, В. Яловеганың арызын қарауда», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қ.Ешімет.

Сотқа берген шағымында ардагерлер «Отбасы баспасы» ЖШС, Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» Журналының бас редакторы Қалыбай Жарылқаптың көпшілік алдында кешірім сұрауын әрі моральдық зиян келтіргені үшін әрқайсысына 5 млн теңге өтемақы төлеуін талап етуде. Азаматтық сот БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтуде. Әзірге айыптаушы мен жауапкер тараптар қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Жұлдыздар отбасы - Аңыз Адам» журналының өткен айдағы саны фашизмнің көсемі Адольф Гитлерге арналған еді. Басылымда жарияланған «Гитлер - фашист емес» атты мақала көпшілік қауым, әсіресе ардагерлер арасында үлкен наразылық тудырған болатын.

Соңғы жаңалықтар