Алматыда жүк тиелген көлік талдарға соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жансүгіров көшесімен бағытталған қытайлық «HOWO» маркалі жүк көлігі талдарға соғылып тоқтады.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Оқыс оқиға Семипалантинск және Сейфуллин көшелерінің арасында №41 үйге қарама-қарсы орын алған.

«1965 жылы туылған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, көшедегі 2 қара ағашты соғып тоқтаған. Салдарынан сол жердегі электр желісі, телефон байланысы, көшені жарықтандыру жүйесі істен шыққан», - деді Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, қазір аталған істі Жетісу аудандық ІІБ әкімшілік практика бөлімінің қызметкерлері өз қарауына алды.

Соңғы жаңалықтар