+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда жүк тасымалдаушы фирмаға шабуыл жасалды

2015 жылғы 30 қараша 15:32
Бөлісіңіз:
Алматыда жүк тасымалдаушы фирмаға шабуыл жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк тасымалдаушы фирмаға шабуыл жасалды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Қылмыстық оқиға туралы полицияға компанияның қызметкері хабарлаған.

Оның айтуынша, түнгі сағат 03.30-да бет-аузын тұмшалаған екі ер адам қоршаудан секіріп түсіп, әлгі қызметкерге шабуыл жасаған. Қол-аяғын скотчпен байлап, есепшінің бөлмесі қайда екенін білуге тырысқан.

Дәл сол уақытта фирмада жүргізуші болып жұмыс жасайтын қызметші мен оның баласы кіріп келеді. Ойын іске асыра алмаған екі қылмыскер терезеден қаша жөнелген. Олар жай кетпей, соңынан тұра ұмтылған қызметкерлерді травматикалық қарудан жаралап кетті.

«Қазір олардың бірі ұсталды. Небәрі 20 жастағы жас жігіт бұған дейін де қарақшылық жасап, жазасын өтеу орнынан босап шыққан екен. Екіншісінің де кім екендігі анықталды. Іздестіру бөлімі оны ұстауға бар күшін салып жатыр», - деді қалалық ІІД басқарма басшысының орынбасары Пархат Мадалиев.

Ал ауыр қылмыстың алдын-алуға көмектескен әкелі-балалы жақын арада қалалық ІІД тарапынан марапатқа ұсынылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT