Алматыда жүк пойызының 2 вагоны рельстен шығып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы Бұрындай ауылында жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бұл оқиғаны растады.

«Бүгін түскі сағат 12:15 кезінде бос екі вагон рельстен шығып кетті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Көлік қозғалысы ашық»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Алматыда тез жанатын сұйықтық құйылған цистерналар рельстен шығып кеткен болатын.

Абырой болғанда вагондар аударылған жоқ.


Соңғы жаңалықтар