Алматыда жүк көліктері соқтығысып, бір адам жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Рысқұлов даңғылында Foton мен  Газель  жүк көліктері соқтығысып, салдарынан жүргізушінің бірі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік апаты Рысқұлов даңғылының бойында Жансүгіров көшесіне жақын тұста болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ортаңғы қатарда  «Газель» жүк көлігі,  сол жағында онымен қатарлас Volkswagen автокөлігі батысқа қарай бағыт алып келе жатқан.

Кенет Газельді артынан қатты жылдамдықпен Foton жүк көлігі келіп соғады. Соққыдан Газель сол жақ қатарға сырғып, Volkswagenді сырып кетеді. Апат салдарынан Foton жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.

Соңғы жаңалықтар