Алматыда жүк көлігінің астындағы асфальт опырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қалқаман шағынауданында жүк көлігінің астында асфальт опырылып қалды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, сапасыз жол төсендісін мердігер компания жөндейтін болады.

"Опырылған асфальт көлемі шамамен 2 метр. Қазір коммуналдық қызмет өкілдері жол апатының себебін анықтап жатыр. Келісімшартқа сәйкес мердігер  кәсіпорын су жүргізу жұмыстарына 2 жыл кепілдік береді. Сондықтан апатты мердігер кәсіпорын қалпына келтіреді. Әзірге бұл жерге құм-топырақ төгіліп тапталады. Ауа райы жақсарған кезде асфальт толық қалпына келтіріледі", - деді Жылуэнергокешені кәсіпорындарының ресми  өкілі Ян Гирин.

Сонымен қатар бұл учаскені жөндеуге инженерлік желі жүргізген «Комстроймонтаж» ЖШС тартылады.

Ян Гириннің айтуынша, асфальттің опырылуынан инженерлік желілерге зақым келмеген. Төтенше жағдайдан соң бұл учаскеге жол төсеген компания әкімшілік жазаға тартылады.

Айта кету керек, төтенше жағдай бүгін болған.

Қалқаман  ауданының көшесінде жүк көлігінің астында асфальт опырылып,  жүк көлігі бір бүйіріне қисайып қалған.

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Дек 24, 2017 at 8:47 PST

Соңғы жаңалықтар