Алматыда жүк көлігі ағашқа соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығындағы көшелердің қиылысында жүкті өздігінен аударатын көлік талға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты Желтоқсан және Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Honda CRV көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол солтүстік бағытта келе жатып, біржақты Гоголь көшесінің бойымен шығысқа қарай оңға бұрылмақшы болған. Алайда жүк көлігі Желтоқсан көшесінің бойындағы шеткі оң жақ қатардағы автобус жолағымен тіке жүріп бара жатқан. Мұны байқаған автокөлік жүргізушісі дереу тоқтап, екінші көлікті өткізбекші болғанмен, жүк көлігі автокөліктің оң жақ қанатын сызып өтіп, жолдың сол жақ бөлігінде тұрған ағашқа соғылған.

Жүкті өздігінен аударатын көліктің жүргізушісі автобус жолағымен емес, өзіне тиесілі оң жақ жолақпен жүргенін айтады. Дәл сол сәтте оның алдында келе жатқан Honda автокөлігі тежегішін басып, жылдам тоқтай бастаған. Жүк көлігі Honda-ға соғылып қалмас үшін бос тұрған жолаққа шығып кетуге мәжбүр болған, алайда автокөліктің жүргізушісі де дәл солай оңға бұрыла бастаған сәтте жүк көлігі жеңіл көліктің оң жақ қанатына тиіп кетеді.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері жүргізушілерді тексерді. Алайда екеуі де ауруханаға барудан бас тартты. Полицейлер бірнеше сараптама тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бейнебақылау камераларының көмегіне жүгінеді.

null null 

Соңғы жаңалықтар