Алматыда Жұбанов көшесін ұзарту үшін 307 учаске сатып алынады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Жұбанов көшесін ұзарту үшін 307 учаске сатып алынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ерболат Досаевтың айтуынша, Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған.
«Бұл Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін төмендетуге және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді. Қазіргі таңда сатып алуға жататын 307 учаске анықталды. Оның 50-і биыл сатып алынады. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар