USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр

2021 жылғы 30 қараша 14:08
Бөлісіңіз:
Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазір ЖРВИ мен тұмау тарайтын кезең, соған байланысты қалада сырқаттанушылар көбейді. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты жайттарды жасырмай, ашық айтып жатыр – Марат Бәшімов Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды Алматыда дүңгіршектерді тонаған үш қыз бен екі жігіт ұсталды

Оның айтуынша, өткен аптада 12 мыңнан астам адам тұмаумен тіркелді. Ал, ЖРВИ-дің таралуы өткен апталармен салыстырғанда 3,7 есе артқан. Ауырғандардың 60 пайыздан астамы балалар.

«1 қазаннан бері ЖРВИ-дің 86 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылға қарағанда 3,6 есе жоғары. Қазір күн сайын зертханада тұмау вирусының айналымына бақылау жүргізіліп отыр. Бүгінгі күні тұмаудың А, HN2 түрінің 25 жағдайы анықталды. Сондай-ақ маусым басалғалы ЖРВИ-дің өзге түрлері де кездесті. Вирустың алдын алудың басты жолы халыққа вакцина салу»,-деді спикер.

Биыл Алматы әкімдігімен тұмауға қарсы вакцинаның 130 мың дозасы жеткізілді. 15 қыркүйектен бері бюджет есебінен 128 мыңнан астам адам вакцина алған, ал 3,5 мың адам ақылы түрде салдырған. Сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан 5 мыңдай адам вакцина салдырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT