Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық өсуі байқалады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл басынан бері ЖРВИ-мен ауырудың 5943 жағдайы тіркелді. Оның ішінде балалардың саны 3,8 мыңнан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Жыл басынан бері ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың 5943 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 32,3%-ға төмен және өткен аптадағы көрсеткіштен 30,7% - ға жоғары. Сырқаттанушылықтың 65,2%-ы балаларға тиесілі. Яғни, балалар арасында ЖРВИ-мен ауырудың 3876 жағдайы тіркелді», - деді өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, өткен жылдың 1 қазаны мен биылғы жылдың 21 қыркүйегі аралығында 257 248 ЖРВИ-мен ауыру жағдайы тіркелді.

«2021-2022 жылдардағы эпидемиологиялық маусымдағы вирусологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша қалада А/H3N2 типті тұмау вирусы, сондай-ақ, риновирустар, РС вирусы, маусымдық коронавирус сияқты ЖРВИ-дың басқа вирустары да болды. А/H3N2 типті маусымдық тұмаумен сырқаттанушылықтың 51 жағдайы тіркелді. Тұмаудың алғашқы жағдайы 2021 жылдың қараша айының басында, 44 аптада тіркелді», - деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақтылы вакциан алу.


Соңғы жаңалықтар