Алматыда жолдың қарсы бетіне шыққан көлік жүргізуші жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әл-Фараби даңғылымен қарама қарсы бағытта жүрген Renault көлігінің жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқыбұзушылықтың видеосы әлеуметтік желіде тараған.

«41 жастағы жүргізуші ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімі, 606-бабының 1-бөлімі, 601-бабының 2-бөлімімен айыпты деп танылды. Жүргізуші тергеушілерге берген жауабында туыстарымен сөзге келіп қалған соң ашуға беріліп осылай еткенін айтты. Алайда ол жол қозғалысына апатты жағдай тудырған. Көп ұзамай құқық бұзушыны сол аймақта қарауылдап жүрген полиция инспекторлары ұстап әкімшілік жазаға тартты», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.


Соңғы жаңалықтар