Алматыда жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жүргізуші жазаға тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қарсы бағытпен жүрген көлік жүргізушісі куәлігінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы жолдарында апаттық жағдай туғызған «Мерседес-220» көлік жүргізушісі тағыз көлік ағынынан шығып, қарсы жолақта қозғалуды жалғастырды. Оны сол көліктің жолаушысы ұялы телефон камерасына түсірген. Бейнежазбадан жүргізуші Немирович-Данченко көшесімен Рысқұлов даңғылына қарай бұрылғанын байқауға болады.

«Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға жауап аясында құқық бұзушы анықталды. Ол басқа қаладан келген 22 жастағы азамат болып шықты. Қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған қозғалыс бөлігінен шыққаны үшін құқық бұзушыға ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушіге қатысты жинақталған материал шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотына жіберілді. Ол көлік құралын басқару құқығынан айырылады» , – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Спикердің айтуынша, құқық бұзушы қарсы келе жатқан жолаққа шығумен қатар, қиылысты бағдаршамның тыйым салатын белгісінен кесіп өткен, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ, қауіпсіздік белдігінсіз жүріп, маневр жасап, апаттық жағдайлар туғызған. Құқық бұзушыға 100 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар