Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Медеу ауданында жолдың бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға туралы Facebook қолданушысы, қала тұрғыны Виктор Ким хабарлады.

Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері барды.

«Тексеру кезінде ұзындығы 30 метрден асатын жолдың бір бөлігінің опырылып түскені анықталды.Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сол аумақтың айналасы жолақ лентамен қоршалды. Алдағы уақытта тиісті шара қабылданып, жолды жөндеу мәселесі қаралады» деп хабарлады әкімдіктегілер.



Соңғы жаңалықтар