Алматыда жолды кесіп өтпек болған 7 жасар қыз баланы көлік қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 7 жасар қыз баланы жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті. Қазір апатқа кінәлі «Опель» маркалы көлігінің жүргізушісі қамауда отыр.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатышысы Салтанат Әзірбек айтты. Қайғылы оқиға түнгі сағат он екілер шамасында Жансүгіров пен Чигорин көшелерінің қиылысында болған.

«Әпкелі-сіңлілі қыздар жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сол кезде «Опель» көлігі оларды бар жылдамдығымен келіп соққан. 2007 жылы туылған қыз бала қалалық №4 ауруханада көз жұмды. 1994 жылы туылған екінші қыз Алматы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы өте ауыр», - деді С.Әзірбек.

Апатқа кінәлі жүргізуші оқиға орнынан тайып тұрмақ болған. Алайда, оқиға куәгерлері оның ізін суытуына жол бермеді.

«Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 296 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар