Алматыда жолда лай шашқан жүк көлігінің жүргізушісі жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолды ластаған жүк көлігінің жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиғаның видеосы Facebook желісіндегі «Қала кезекшісі» тобында жарияланды.

Бейнекадрда Іле Алатауы паркінен шыққан жүк көлігінің дөңгелегінен лай шашырағаны түсіп қалған.

«Жүргізуші өздігінен құқықбұзушылық салдарын жоюға тырыспаған», - деді қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің полк командирі Манап Саттаров.

Осылайша 47 жастағы ер адам ҚР ӘқбК 603-бабымен әкімшілік жазаға тартылатын болды.

Полиция қызметкерлері жүргізушімен құқықбұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Соңғы жаңалықтар