Алматыда «Жолда қабылдау» респубикалық акциясы басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда дәстүрлі «Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін алматылықтар үшін арнайы құрылған полицияның қабылдау пунктері өз жұмыстарын бастады. «Жолда қабылдаудың» 3 пункті және «Аула» ішінде қабылдаудың 16 пункті өздерінің жұмыстарын таңғы сағат тоғыздан кешкі сағат жетіге дейін жүргізеді.


Акцияға полицейлер, қоғам өкілдері, полицияның кеңес беру органдарының мүшелері мен қоғам белсенділері атсалысады.

«Біздің мақсат - осындай акциялар арқылы полицияның қызметін барынша ашық ету, қазақстандықтарға неғұрлым жақын болу. «Жолда қабылдау» - бұл мобильді алаң, жұртшылықпен байланыс орнату түрі, сол арқылы азаматтар полицияға көкейтесті сұрақтарын қойып, дер кезінде жауап немесе мамандардың кеңесін ала алады«, - деп атап өтті Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Полицияға келіп түсетін арыздар мен өтініштерді саралау арқылы әкімшілік полиция, жергілікті полиция мен көші-қон полиция құрылымдарының басшылары мен қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, халыққа мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қатысты барлық мәселелерді талқылайды.

»Акция тұрақты жобаға айналды: жыл басынан бері осымен бесінші рет өткізілмек. «Жолда қабылдау» акциясы әр өткізген сайын түрлене түсуде және жұртшылыққа көп пайдасын тигізеді, себебі, оған қатысатын адамдардың саны артып келеді, өткізілетін орындардың ауқымы да кеңейе түсті, қазір акция аулалардың ішінде де ұйымдастырылады. Бұған дейінгі шара барысында полицейлердің көмегіне 900-ден астам адам жүгінді, қойылған сұрақтардың басым бөлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ көші-қон заңнамасына қатысты мәселелер болды«, - деді Ж. Мұратәлиев.

Сондай-ақ, осы уақытта 8-747-080-01-56 жедел желі телефоны жұмыс жасауда.

Алматының үш ауданы бойынша акцияның өту орындары белгілі болды: №1 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қаласы, Саялы ықш., Ақ-қайнар к-сі 1 үй, Алатау ауданы), №2 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қаласы, Майлин к-сі, 85 үй, Түрксіб ауданы), №3 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қаласы, Серіков к-сі, 6 үй, Жетісу ауданы).

»Аула ішінде қабылдау« бойынша Алматының барлық сегіз ауданы қамтылып отыр.

Алатау ауданы: Алғабас ықш. №182 орта мектебі, Ақкент ықш. №181 орта мектебі. Алмалы ауданы: Гайдар к-сі, 56 үй, Қазыбек би к-сі 177 үй. Әуезов ауданы: Жетысу-4 ықш., 16 үй, 8 ықш, 3 үй. Бостандық ауданы: «Арай» ТК, Навои к-сі, 296 үй». Жетісу ауданы: Райымбек даңғылы, 247 үй, Айнабұлақ ықш., 89 үй. Медеу ауданы: Жібек жолы к-сі, 54 үй, Думан-2 ықш, 10 үй. Наурызбай ауданы: Тау самалы ықш, Сағдиев к-сі, 50 үй, Тау самалы ықш., Рысқұлов к-сі,129 үй. Түрксіб ауданы: Ғанибет көшесі, 27 б үй, Бекмаханов көшесі, 2/6 үй.


Соңғы жаңалықтар