+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Алматыда жолайрықтар мен көшелерді ұзарту жұмыстары қашан аяқталады

2021 жылғы 14 қазан 18:20
Бөлісіңіз:
Алматыда жолайрықтар мен көшелерді ұзарту жұмыстары қашан аяқталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жолайрықтар мен көшелерді ұзарту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 2022 жылы майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады Семейдегі Абай мешіті маңына жерүсті өткел салынуда Қазақстан ғалымдары жол құрылысына қолданылатын жаңа технология ойлап тапты

«Әуежай айналымында» төрт және алты жолақты қозғалысы бар үш деңгейлі жолайрығының құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде Құлжа трактісі бойындағы ұзындығы 784 метр болатын екі эстакаданың бірінің құрылысы аяқталуға жақын. Қараша айында оның бойымен көлік қозғалысын ашу жоспарда.

Бұқтырма көшесі бойында 570 метрлік туннель өткелі салынып жатыр. Жер деңгейімен барлық оң жақты кіреберістер, сондай-ақ «Алатау» шағын ауданы бағыты бойынша жолға шығу қарастырылған. Жолайрық көлік ағындарының қиылысуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Құлжа трактісінің көлік өткізу қабілеті 15%-ға артады. Бұқтырма көшесі бойында – 30%. Түрксіб ауданы мен Алматы облысының қала маңындағы елді мекендерінің 350 мыңға жуық тұрғынының мобильділігі артады.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің бойындағы көпірден тұратын барлық бағыттағы жол айрығының құрылыс қарқынын бағалады. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Жекелеген бүйірлі съездер бойынша қозғалыс ашық. Эстакада құрылысын кешіктірген соңғы 2 учаске алынып тасталды. Соның арқасында құрылыс қарқыны артты. Нысанның дайындығы – 80%.

Көлік айрығы Рысқұлов даңғылында көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесіндегі өткізу қабілетін 40 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, Алматы әкімі Абай даңғылын үңгілеудің барысымен танысты. Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзындығы 3,5 шақырым учаскеде құрылыс жүріп жатыр. Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ, Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада, тротуарлар мен велосипед жолдарын салу қарастырылған.

Нысанның дайындығы шамамен 85 пайыз. Метрополитен желісінің үстіндегі 600 метрлік учаске аяқталғаннан кейін жыл соңына қарай жаңарған даңғыл бойынша көлік қозғалысын ашу көзделген.

Наурызбай ауданы «Таусамалы» шағын ауданындағы Қонаев көшесін реконструкциялау аяқталуда. Ұзындығы 1,2 шақырымдық жолды 2-ден 4 жолаққа дейін кеңейтеді, мұнда тротуарлар, веложолдар мен арық желісі болады. Нысан – 90 пайыз дайын. Асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүруде.

Алматы әкімі жұмысты осы айдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Қараша айында абаттандыру үшін ағаш көшеттері отырғызылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT