Алматыда жолайрықтар құрылысы қарқынды жүріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол-көлік желісін дамыту жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда биылғы жылы кептеліс жүктемелері көп жол учаскелерінде салынып жатқан үш жолайрықтың құрылысы жалғасуда.

Олар - Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің бойларында салынып жатқан жолайрықтар.

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі бойындағы жолайрығы кіші жол айналымының құрамына енеді. Ол қаланың солтүстік бөлігіндегі көлік легін жеңілдетеді.

Жыл соңына дейін Бұқтырма көшесі мен Құлжа тракті қиылысындағы жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарда. Жолайрығын пайдалануға беру Түрксіб ауданы мен қала маңындағы елді мекендердегі 350 мыңға жуық тұрғынның мобилділігін арттырады.

Сонымен қатар, орталық бөлікті қала шекарасымен байланыстыратын негізгі көшелерді созу жалғасуда. Абай даңғылын қала шекарасына дейін созу жұмыстары екі учаскеде жүруде, Момышұлы даңғылынан Әшімов көшесіне дейін және Әшімов көшесінен қала шекарасына дейін.

Сондай-ақ, Сайн көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін және Нұрлы көшесін Сабденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін үңгілеу жұмыстары жүргізілуде. Қонаев көшесін (Жандосов көшесінің жалғасы) Яссауи көшесінен ұзындығы 1,2 шақырым болатын Әшімов көшесіне дейін реконструкциялау жалғасуда.

Бұл нысандар іске қосылған кезде қала тұрғындарының мобилділігі артады, мегаполистегі көше-жол қозғалысының жүктемесі азаяды.


Соңғы жаңалықтар