Алматыда жолаушылары бар автобус ағашқа соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, бірнеше жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық көлік апаты Төлеби көшесінің бойында Мұқанов пен Шагабутдинов көшелерінің арасында болды.
null

Оқиғаға куәгерлерінің айтуынша, ортаңғы жолда келе жатқан Mitsubishi Lancerдің алдындағы көлік кенет тоқтаған соң жүргізуші оңға бұрылған. Сол сәтте жолдың ең шетінде өз жолағымен келе жатқан №119 автобус жүргізушісі қақтығыстан қашамын деп жол шетіндегі ағашқа барып соғылған.
null

Нақты қанша адам зардап шеккені белгісіз. Оқиға куәгерлері кемінде 5 жолаушы жарақаттанды дейді.

nullnull

Соңғы жаңалықтар