Алматыда жолаушыларға билет бермеген жүргізуші жұмысынан кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кондуктормен дауласқан №80 автобус  жүргізушісі жұмысынан кетті. Тексерушілер жүргізушінің жұмысынан заң бұзушылық анықтаған. Атап айтқанда, жүргізуші жолаушыларға билет бермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жайтқа байланысты «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Құлышев түсінік берді.

«Жүргізуші рейстен алынды. Көлікке басқа жүргізуші жіберілді. Тексеру барысында кондукторлар маршрутта жолаушыларға билет берілмегенін анықтаған», - деді Б.Құлышев.

Оқиғаға куə болғандардың айтуынша, жүргізуші автобуста дау шығарып, жолаушы толған көліктен шығып кеткен.

«Тәртіпсіздік көрсеткен жүргізуші жұмысынан шығарылды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар