Алматыда жолаушыларды көшенің ортасына түсіріп кеткен жүргізушісі жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушыларды көшенің шетіне шықпай, көліктер ағынының ортасына түсіріп кеткен автобус жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаның видеосы Инстаграмда жарияланған болатын. Ол көпшіліктің наразылығын тудырды.

🔹️по ул. Макатаева (Айнабулак) перед пересечением с ул. Павлодарская при движении на север водитель автобуса маршрута 141 г.н. A635HL создает аварийную ситуацию и создает угрозу жизни и здоровью пассажиров, в том числе и детям. А именно остановившись посередине проезжей части, не на остановочном комплексе, не включив ни указатель поворота, ни аварийную световую сигнализацию, стоп сигналы тоже не горели начал высаживать пассажиров. Тем самым не только нарушил правили ПДД, но и подверг людей опасности. . 🔸️как считаете имеет ли право автобусник высаживать людей на дороге ? _____________________________________ Подпишись на @autolife_kz #Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау #дтп #🇰🇿 #kz #kaz #qaz #жесть #carskz

A post shared by 📣АВТОЖУРНАЛ АЛМАТЫ🇰🇿 (@autolife_kz) on May 3, 2018 at 12:51am PDT

Қалалық полиция жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні тапты.

«Видеорегистраторда автобустың жол ортасында тоқтап, жолаушыларды түсіріп кеткені түсіп қалған. Бұл Жол жүру ережесінің 22,5 тармағын бұзу болып табылады. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқы бұзушылық кодексінің 593-бабы 1-бөлімі «Жолаушылар мен жүкті тасымалдаудың ережесін бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушінің өзі жолаушылардың өтініші бойынша түсіргенін айтты», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Айта кету керек, Алматы полициясы әлеуметтік желілерді назардан тыс қалдырмай келеді. 

Соңғы жаңалықтар