Алматыда жолаушылар жиі шағымданатын қоғамдық көлік иесімен келісімшарт бұзылуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қысқа дайындығы нашар тасымалдаушылармен келісімшартты бұзуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлағандай, көбінесе тұрақтылық кестесін бұзған, қысқа дайындығы көңіл көншітпейтін тасымалдаушыларға айыппұл салынып, бағдарлары басқа компанияларға берілді.

Бұл жолы да таяқтың ұшы «Green bus» компаниясына тиді. №30, №135 маршруттар бойынша жолаушылар арасында шағымданушылар өте көп.

Соған байланысты Жолаушылар көлігі басқармасы «Green bus» компаниясымен келісімшартты бұзды.

«Тұрақтылық көрсеткішінің төмендігіне байланысты бұл маршруттар басқа тасымалдаушыларға берілді», - деді басқарма өкілдері.

Кеше ғана әкімдік осы компаниямен №37, №79 маршруттарға қызмет көрсету бойынша келісімшартты бұзғанын хабарлаған едік.

 Осыған байланысты басқарма басшысының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.

Айта кетерлігі, жыл аяғына дейін Алматыда қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға жететін болады. Өткен аптада қалаға тағы 200 жаңа автобус келген болатын. Оның ішінде BRT желісіне 18 метрлік автобустар шықты.

Соңғы жаңалықтар