Алматыда жолаушылар автобусы жаңартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы көшелеріне жаңа автобустар шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыэлектротранс» ЖШС жаңа «Zhongtong» автобустарымен толықты. Көпшіліктің сұранысы бойынша № 120 жане 120 А бағытындағы қоғамдық көлік 100 пайыз жаңарды. Жоспарланған 30 автобус қала көшелеріне шығады, ал тағы алтауы резервте болады», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Барлық автобустардың сыйымдылығы жоғары, едендері төмен, қаладағы жолаушыларды тасымалдауға арнайы дайындалған. Автобус сұйытылған табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционермен және видеобақылаумен жабдықталған.

Мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» жүйесі орнатылғанан кейін автобустар пайдаланылмақ.



Соңғы жаңалықтар