Алматыда жолаушылар автобустың төлем жүйесіне ақша емес, темір-терсек тастап отырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Муниципалды автобус паркі өкілдері 3 айда монетаның орнына 9 шелек темір-терсек жинаған. Бұл туралы бүгін өткен «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.

Алматыда қоғамдық көлік жолаушылары электронды төлем жүйесіне салмағы қазақстандық монеталармен сәйкес келетін неше түрлі темір-терсекті тастап отырған.

Олардың ішінде құтылардың қақпағы, шетелдік, кеңес кезінен қалған монеталар, ойын автоматтары мен метро жетондары да бар. «Валидатор монетаны салмағына қарай анықтайды, сондықтан жүйе әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда біз «Бест Кард» ЖШС сотқа бердік. Болашақта бұл проблема өзінің оң шешімін табады деп ойлаймыз», - деді «Алматыэлектротранс» ЖШС қаржы ісі бойынша директорының орынбасары Хабиболла Сабдуллаев. «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдері қаржы полициясы тың деректерге байланысты өз шешімін қайта қарайды деп үміттеніп отыр. Олардың айтуынша, бұл жағдайдан кейін кассаға кірген сома мен электронды жүйе арқылы тіркелген сома арасында айырмашалық 10-12 млн теңге болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар