Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақ сұғып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының қоғамдық көлігінде жолаушы автобус жүргізушісіне пышақ сұғып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 29 қыркүйек күні сағат 22:00 шамасында Жандосов көшесімен жүріп келе жатқан №126 бағыттағы автобуста болды.

«Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушымен ерегісіп қалған. Салдарынан 28 жастағы автобус жүргізушісі пышақ жарақатын алды. Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Тексерістен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілуде.

Өз кезегінде, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жүргізуші амбулаторлық ем қабылдап жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар