Алматыда жол жүру ақысы қымбаттай ма - басқарма жауабы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы тасымалдаушылардың шығынын ақтамай жатыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі тариф - 80 теңге 2012 жылдан бері өзгермеген.

«Тасымалдаушылармен тікелей жұмыс жасайтын адам ретінде айтайын, қазіргі 80 теңгелік тариф олардың шығынын ақтамай отыр. 2012 жылдан бері 6 жыл өткен. 6 жылда автобустардың бөлшек құралдары, автобустар қымбаттады, жанар-жағармай  құны өсті. Жыл сайын инфляция болып жатыр. Сондықтан, жол ақысын қымбаттату  мәселесі қазір талқылауд», - деді Мақсұт Исахов.

Оның айтуынша, 2012 жылдан бері Қазақстанның 6 қаласында жол ақысы 3 рет көтерілген. Алматы тариф көтерілмеген - жалғыз қала.

Жолақысын қымбаттату туралы қаулы шығуына 2 айдай уақыт кетеді.

Ең алдымен мәслихатқа ұсыныс берілмес бұрын бұл мәселе қоғамдық кеңес талқысына түсуі тиіс. Одан кейін қалалық кәсіпкерлер палатасында кеңестен өтеді.

«Бұл шешім әлі қабылданған жоқ. Қарастырылу үстінде. Тіпті дәл қазір қабылданғанның өзінде қаулы шығып, қолданысқа енуіне бірнеше ай уақыт өтеді», - деді М.Исахов.

Соңғы жаңалықтар