Алматыда жол талғамайтын көлік аударылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Mersedes-benz G-500» көлігі аударылып қалды. Жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апаттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы өткен түнде Байзақов көшесінде болды.

«Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізуші Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатып Байзақов көшесінің қиылысында оңтүстік бағытта келе жатқан көлікке жол бермей «Mercedes-benz G-500» көлігімен соқтығысқан. Аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тексеріліп жатыр», - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Апат салдарынан жол талғамайтын көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар