Алматыда жол қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін-ертең Шығыс айналма автомобиль жолының солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қалалық автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

«13 тамыздан түнгі 23.00-ден 14 тамыз 06:00-ге дейін шығыс айналма автомобиль жолының солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, жол қозғалысы Достық даңғылы және Диваев көшесі арқылы ұйымдастырылады», делінген хабарламада. Уақытша қиыншылық Төле би көшесін ұзарту, көлік жолайрығының конструкцияларын жинақтау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты туындап отыр.

Соңғы жаңалықтар