Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда, Алматы қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының 21 жастағы Т. есімді азаматының жауапқа тартылғанын хабарлайды.

Жергілікті Полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырды: ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі мен ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі.



Соңғы жаңалықтар