+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматыда Жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жоба іске асады

2020 жылғы 6 мамыр 11:01
Бөлісіңіз:
Алматыда Жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жоба іске асады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кентауда «Еңбек» бағдарламасы аясында 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды Jas Otan Ақмола облысында 25 мың жастың жұмысқа орналасуына көмектеспек Алматыда 700 ана грант алды

«Бүгінгі күні конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту жұмыстары бар. Елді мекендерді абаттандыру жобалары да назардан тыс қалмайды», – дейді Данияр Әлкебайұлы

Сонымен қатар, ол «Жұмыспен қамту жол картасы» аяқталған соң жаңадан салынған нысандарда 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылатынын жеткізді.

«Жол картасын іске асыру мақсатында Алматыда 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Орташа жалақы 120 мың теңге көлемінде тағайындалады. Жұмыс орындары әсіресе құрылыс саласы бойынша ұсынылады» – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT