Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қалпына келтіру жұмыстарын 13 бригада жүргізеді. Жалпы, 46 бағдаршам нысаны зақымданды. Оның 38-і жөнделді. Сондай-ақ 120 жол белгілері бүлінген, олардың 96-сы қалпына келтірілді.

Көше-жол желісі бойынша қалпына келтіру жұмыстарын 4 жол бригадасы бастады. Кеше 90 шаршы метр төсем, 120 метр жиек және 37 люг қалпына келтірілді. Тас төсемді қалпына келтіруді 13 қаңтарға дейін аяқтау жоспарда.

Сонымен қатар, аялдама павильондары да бүлінген. Барлығы 43 аялдама қирады. Оның 17-сінің әйнектері түгел сынған. Жеке компаниялар да қалпына келтіруге кірісті, бүгінде 2 павильон жөнделді. Жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар, алдын ала есептеулер бойынша 100-ге жуық велосипед жоғалған, 220-сы жөндеуді қажет етеді.


Соңғы жаңалықтар