Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі көше-жол желісін қалпына келтіру және тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша қаланың көше-жол желісінде Алматы Арена ауданында және Назарбаев даңғылы мен Достық даңғылы, Сәтбаев көшесі бойында жаңа алаңда бөлшектелген құйматастардан 2 мыңнан астам орын анықталған.

Қазіргі уақытта 80 жұмысшы, 30 арнайы техника шығарылды.

Сондай-ақ, 120-дан астам жол белгілері зақымдалғаны анықталды. Бүгінде олардың 80-і қалпына келтірілді. Сонымен қатар, қалада бағдаршам нысандарын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Бұған дейін қалада 40-тан астам бағдаршам зақымдалғаны туралы жазған болатынбыз.

Қайта қалпына келтіру жұмыстарының сметалық құны 72 млн теңге.


Соңғы жаңалықтар