+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Алматыда мектеп түлектері кортежінің жүргізушілері жазаланды

2020 жылғы 6 маусым 11:43
Бөлісіңіз:
Алматыда мектеп түлектері кортежінің жүргізушілері жазаланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жол ережесін бұзған кортеж жүргізушілері бірнеше баппен әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда шекарашылар елге заңсыз әкелінген екі қымбат көлікті анықтады Кейбір жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді Елордада қоғамдық көліктер 2 апта жүрмейді

Бұл оқиға Медеу ауданында болған.

«Түлектер мінген 3 көлік Медеу шатқалына бара жатқан жолда өрескел жол ережесін бұзған. Жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылды. 20 жастағы Toyota Land Cruiser 100 жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 596-бабының 2-бөлімімен, 601-бабының 1-бөлімімен, 606-бабының 1-бөлімімен жазаға тартылды. 42 жастағы «Mitsubishi Outlander» жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 614-бабының 1-бөлімімен, 45 жастағы «Toyota Camry» жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 601-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапқа тартылды», - деді қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Осыған дейін түлектердің кортежі әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты Қазақстанның мектеп бітірушілері 3-4 маусымда барлық санитарлық нормаларды сақтап, аттестат алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT