Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Алматыда жол ережесін бұзған автобус жүргізушілері емтиханға жіберіледі

2018 жылғы 5 желтоқсан 17:05 57
Бөлісіңіз:
Алматыда жол ережесін бұзған автобус жүргізушілері емтиханға жіберіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қоғамдық көлік жүргізушілеріне қойылатын талапты күшейте түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жолаушылар автобусының жүргізушісі масаң күйде көлік басқарған Алматыда қалың тұманнан 9 рейс уақыты кейінге шегерілді

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол ережесін екінші рет бұзған автобус жүргізушілері ҚР ӘқбК 58-бабына сәйкес қайта емтиханға жіберілетін болады.

Егер, жүргізуші емтиханнан өте алмаса, іс материалдары сотқа жіберіліп, оған көлік тізгіндеуге тыйым салынады.

Бүгінде Алматыда 1 мың 500 автобус 120 шағын автобус қызмет етеді, олардың ішінде 1000-ға жуық автобус қала ішінде жолаушы тасымалдайды.

«Алматыда жол ережесін бұзу деректерінің 15 пайызы автобус жүргізушілерінің кесірінен болады. Бұл сан полицияның алаңдаушылығын туғызып отыр. Сондықтан, жүргізушілердің бұл категориясын үнемі ерекше бақылауда ұстауға тырысамыз. Сол себепті Алматыда арнайы апталық басталды. Қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр», - деді Алматы Полиция департаментінің басқарма басшысының орынбасары Еркін Өтегенов.

Алматыда биыл 298 жол апатына автобустың қатысы болған. Соның салдарынан 4 адам қаза болып, 381 адам жарақат алды. Оның ішінде 224 жол апаты жүргізушілердің кесірінен болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT