Алматыда жол апатында 7 көлік соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатында 7 көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты әл-Фараби мен Мұстафин көшелерінің қиылысында болған.

Toyota Land Cruiser Prado әл-Фараби көшесінің оң жақ шетінде болған. Audi Q7 көлігі орта қатардағы жолақта одан сәл қалыс жүріп келе жатқан.

Куә болғандардың айтуынша, осы сәтте жоғары жылдамдықпен Mercedes-Benz S-class осы екі көліктің арасынан, қыстырылысып өтіп кетпек болған.
null 

Алайда, ол Audi Q7 көлігін қағып кетті. Қатты соққыдан Audi оңға қарай ұшып барып, Prado-ны соққан.

Ал Mercedes солға кетіп, Тoyota Camry көлігін соқты.
null    

Жойқын соққыдан Toyota Camry мен Mercedes-Benz-тің алдыңғы дөңгелектері жұлынып қалды.

nullMercedes-Benz тоқтай алмай екпінмен келіп Suzuki SX4 көлігін соқты.

nullToyota Camry жүргізушісінің айтуынша, ол апаттан соң кенет тежегішті басқанда арт жағында келе жатқан  Daewoo Nexia тоқтап үлгермей оның артынан соғылған.

Қазір жол апатынан зардап шеккен 3 адам ауруханада жатыр.null

Соңғы жаңалықтар