Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен бала зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк көлігі мен жеңіл машинаның соқтығысуынан үш адам зардап шекті. Олардың арасында жүкті әйел мен 9 жасар бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Төле би және Қастеев көшелерінің қиылысында, Орталық мәдениет және демалыс саябағына жақын маңда болған. Жеңіл көлік Шығыс айналма жолына қарай келе жатқан. Кенеттен Қастеев көшесінен Төле би көшесіне КамАЗ жүк көлігі шыққан.  Салдарынан жеңіл машина көптонналы көліктің дөңгелегіне соғылған.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жол апатынан көлікте болған үш адам зардап шекті - жүргізуші, оның жүкті әйелі және 9 жасар баласы. Барлығы ауруханаға жеткізілді. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар