Алматыда жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кеше түнде көктайғақта бірнеше көлік соқтығысуынан 7 адам зардап шеккен. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан 7 адам жарақат алған, оның төртеуі бала.

«Оқиға орнына 3 жедел жәрдем бригадасы бағытталды. Жарақат алғандардың бесеуі №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оларды тексерген соң амбулаториялық емделуді белгілеп үйлеріне қайтарды. Ал екі бала балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді», - деп хабарлады басқармадан.

Мамандардың айтуынша, балалар да бірқатар тексеруден соң амбулаториялық ем қабылдауға үйлеріне қайтарылды.

Айта кету керек, жол апаты Б.Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылының бойындағы жолайрықта болған еді.

Айта кетейік, кеше таң ата Алматыда қар жауып, түстен кейін ол үдей түскен. Қар тек кешкісін сағат 6-лардың шамасында ғана баяулаған. 

Соңғы жаңалықтар