Алматыда жол апатынан үш әйел көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл автокөлік автобуспен соқтығысып, үш адам қайтыс болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Алатау ауданы Жаужүрек тас жолында Водник ауылына жақын жерде болған.

Куәгерлердің айтуынша, Renault автокөлігі тасжолмен батыс бағытта қозғалып келе жатқан. Алайда, Трудовик елді мекеніне жақындаған сәтте оның дөңгелектері тайып, жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Осы сәтте шығыс бағытта келе жатқан №15 автобус жеңіл автокөліктің бүйірінен соғып, жолдың шетіне қарай аударып жіберген.

Жол апаты салдарынан жеңіл авокөлікте болған үш жолаушы қаза тапты. Олар: 1960, 1978 және 1988 жылы туған әйел адамдар. Тағы бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Алматы полициясы жол-көлік оқиғасында мерт болғандар туралы ақпаратты растады.

«Апат фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Соңғы жаңалықтар