+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда жол апатынан үш адам жарақат алды

2021 жылғы 14 мамыр 13:21
Бөлісіңіз:
Алматыда жол апатынан үш адам жарақат алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апаты болып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды Оралда автокөлік пен мотоцикл түйісіп, екі жүргізуші қаза тапты Астанада екі көлік соқтығысып, 52 жастағы жүргізуші қаза тапты

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, көлік апаты 13 мамыр күні Жангелдин-Баянауыл көшелерінің қиылысында болған.

Lada көлігінің жүргізуші Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып Баянауыл көшесімен қиылысқан тұста қоғамдық көлік жолағымен жүріп, бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне өтіп кетті.

Жол ережесін бұзу салдарынан ол Mitsubishi Pajero машинасымен соқтығысты.

«Соққыдан Lada көлігі инерциямен жаяу жүргіншілер жолына шығып, 63 жастағы әйелді қағып кетті. Апат салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Содай-ақ «Lada» көлігінде отырған екі жолаушы зардап шекті. Оның біреуі - 14 жастағы қыз бала. Екеуі де емдеу мекемесіне жеткізілді», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Жол апатын Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT