Алматыда жол апатынан үш адам ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір бағытта кетіп бара жатқан екі жеңіл көлік бір-бірімен соқтысып, зардап шеккен үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Алғабас ауданындағы Ақсай көшесінде болған. BMW мен Peugeot көлігі Ақсай көшесімен оңтүстікке бағыт алып бара жатқан. Кенеттен алдындағы Peugeot көлігі солға бұрылу үшін кілт тоқтаған.

Соңынан келе жатқан BMW жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, Peugeot көлігін соққан. Соққының күшімен Peugeot жол шетіндегі жарықтандыру бағаны мен жол белгісін қағып тоқтаған.

Жол апатынан 3 адам, Peugeot жүргізушісі мен жолаушысы, BMW жүргізушісі зардап шекті. Оларды жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар