+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Алматыда жол апатынан танымал актриса көз жұмды

2018 жылғы 29 желтоқсан 21:18
Бөлісіңіз:
Алматыда жол апатынан танымал актриса көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан танымал актриса Шолпан Елгезек көз жұмды. Белгілі болғандай, танымал актрисамен бірге аталмыш жол апаты салдарынан тағы екі кісі көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат М.Əуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының Инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін Алматы қаласында жантүршігерлік оқиға болып, жол апатынан 3 адам көз жұмды. Соның ішінде көптеген тележобалардан көрермендерге таныс кино және театр актрисасы Шолпан Елгезек те бар. Мезгілсіз дүниеден өткен актрисаның туған-туыстарына, жақындарына ұжым атынан қайғырып, көңіл айтамыз», - делінген театрдың ресми парақшасында.

Сонымен қатар, жақында ғана ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын алған актриса Айзада Сатыбалдиева аталмыш жол апаты салдарынан жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT