Алматыда жол апатынан сәбиімен бірге әйел зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік ағыны жоғары көшелердің бірінде жол апаты болып, салдарынан кішкентай баласы бар әйел зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылы бойында, «Максима» сауда орталығына жетпей орын алды.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Toyota көлігі автобус жолағы бойынша Райымбек даңғылымен келе жатқан. Дәл сол бағытта оң жақ шеткі қатарда Volkswagen Golf маркалы машина жүріп келе жатты. Бір мезетте неміс көлігінің жүргізушісі оңға қарай бұрылмақ болып, автомашиналар соқтығысып қалған.

Volkswagen Golf-те болған жолаушы әйел 1,5 жастағы баласымен бірге зардап шекті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жетіп, оларды қалалық ауруханалардың біріне алып кетті.

Жол апаты орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. 

Соңғы жаңалықтар