+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Алматыда жол апатынан көліктер арыққа түсіп кетті

2018 жылғы 17 наурыз 13:56
Бөлісіңіз:
Алматыда жол апатынан көліктер арыққа түсіп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан көліктер арыққа түсіп кетіп, бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы Әл-Фараби даңғылында Ремизовка ауданына жетпей шығыс бағытта болған.

Opel Vectra жүргізушісінің айтуынша, ол жолдың оң жақ шетінде келе жатқан.

Toyota Camry ортаңғы жолақта жоғары жылдамдықпен келе жатқан.
null

Әл-Фараби Ходжанов көшелерінің қиылысында Camry жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ары-бері шайқала бастаған.

Сол сәтте Toyota жол ортасындағы бағанға соғылып барып Opel көлігіне соғылған. Соққыдан екі көлік те арыққа түсіп кетті.

Toyota инерциямен қозғалып барып, ағашқа соғылып, жол үстіне қайта шығып тоқтады.

Жол апатынан Opel жолаушысы зардап шекті. Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT