Алматыда жол апатынан екі бала зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Абай мен Б.Момышұлы көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BMW жүргізушісі қауіпсіздік белдігіне мән берген уақытта Mercedes автокөлігіне келіп соғылған. 

Шетелдік көлік бағдаршамның жасыл жануын күтіп тұрған.

Жол апатынан төрт және алты жасар екі қыз бала зардап шекті. Олар BMW автокөлігінің салонында болған.

Жедел жәрдем балаларды ауруханаға алып кетті. Олардың қазіргі жағдайы жөнінде ақпарат жоқ. Ал көлік оқиғасының мән-жайын полиция анықтап жатыр. 


Автор: Шолпан Оразбекова

Соңғы жаңалықтар