Алматыда жол апатынан бірден 4 көлік зақымданды - ФОТО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 18 қараша күні Алматыда түнгі сағат 23:00-де «Малая станица» ауданында бірден 4 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды.

Гурилев көшесінен Халиуллин көшесіне бұрылып, шығысқа қарай бағыт алған «Тойота Ипсум» жолындағы екі бірдей «Фольксваген Гольф» көлігін қағып өтіп тоқтаған. Апаттан қашқан «Мерседес» маркалы көлігі жолдан тайып барып, ағашқа соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, «Тойотаны» басқарған адам құқық қорғау органдарының қызметкері екен. Әрі көлікті басқарып отырған кезінде оның ішімдік тұтынған күйде екені байқалған. Оқиға орнында жедел жәрдем мен жол патрульдық полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Көліктердің жүргізушілеріне медициналық көмек көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар