Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, бес бала зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ірі жол-көлік апатынан бір адам қаза тауып, бес бала зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жол апаты Алғабас шағын ауданында болды. Салдарынан бір адам қаза тауып, бес бала зардап шекті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен балалар «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына» жеткізілді. Балалардың ең үлкені 12 жаста, қалғандары 8 және 9-да. Ең кішісі жақында ғана 4 жасқа толған.

«Бәрінен 8 жастағы бала қатты зардап шеккен. Оған «бассүйек-ми жарақаты, мидың зақымдануы, бет терісінің жыртылған жарасы» диагноздары қойылды. Қазір жағдайы ауыр. Дегенмен, өміріне төнген қауіп жоқ. Қалған балалар жеңіл жарақаттар алған. Олар амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

36 жастағы көлік жүргізушісі жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Қалған екі ересек жолаушы түрлі деңгейдегі жеңіл жарақаттар алған.

Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің ақпаратына сәйкес, Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу амалдарын бастады. Оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Авторы Гүлзәт Сахова.

Соңғы жаңалықтар