Алматыда жол апатынан анасы мен 2 баласы жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан анасы мен екі баласы жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Бекмаханов көшесінің бойында, Бартольд көшесіне жетпей болған.

null 

Шығысқа қарай бағыт алып келе жатқан «Honda CRV» көлігін белгісіз көлік ұрады.

null 

Соққыдан «Honda CRV» көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай жол шетіндегі талға барып соғылған.

null 

Жол апатынан «Honda CRV» жүргізушісі мен оның екі баласы жапа шекті. Оларды жедел жәрдем алып кетті.

null 

Ал, жол апатына кінәлі көлік иесі оқиға орнынан ізін суықтан. Қазір ол іздестірілуде.

null 

Соңғы жаңалықтар