Алматыда жол апатынан аман қалған актриса әлі жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиеваның жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Айзада Сатыбалдиеваның жағдайын дәрігерлер тұрақты бірақ ауыр деп бағалап отыр. Ол Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Әзірге дәрігерлер қандай да бір болжам айтуға әлі ерте деп отыр», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кету керек, жол апаты 29-желтоқсанда болды.

Сейфуллин мен Абай көшелерінің қиылысында Mitsubishi Galant пен «Mercedes Benz G-55» көліктері соқтығысқан.

Жол апатынан Mitsubishi Galant көлігінде болған үш адам, белгілі актриса Шолпан Елгезек пен оның құрбысы және Mitsubishi Galant жүргізушісі көз жұмды.

Ал, көлікте болған актриса, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының тележүргізуші Айзада Сатыбалдиева алты қабырғасы сынып аса ауыр халде Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген еді.

Жол апатына кінәлі «Mercedes Benz G-55» жүргізушісі көп ұзамай ұсталды. Полицияның хабарлауынша, ер адам көлікті мас күйінде жүргізген.

Соңғы жаңалықтар