Алматыда жол апатынан 5 жасар бала жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш машина соқтығысып, 5 жасар бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Төле би және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған.

«5 жасар бала Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Баланы мультидисциплинарлы команда қарап шықты. Нейрохирургиялық жарақат байқалмады. Маңдайынан соққы алған. Жергілікті емханада емделуге ұсыныс берілді», - деді қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан.

Соңғы жаңалықтар