Алматыда жол апатынан 5 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының А.Байтұрсынов пен Төле би көшелерінің қиылысында болған жол апатынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша BMW көлігі Төле би көшесінің бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Бұл көшемен Nexia көлігі шығысқа жол тартқан. Дәл осы уақытта тыйым салынған бағдаршамның қызыл шамына қарамастан А.Байтұрсынов көшесін Hyundai көлігі кесіп өтеді. Осы тұста 3 көлік соқтығысып, араларындағы BMW жолдың жиегіне ұшып кетеді.

Жол апаты салдарынан 5 адам жапа шекті. Оның ішінде Huyndai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары бар. Жарақат алғандар Алматы ауруханаларының біріне жатқызылды.nullnullnull

Соңғы жаңалықтар